Тағы не істеуге болмайды. Сайлау күнінде тыйым көбейді

06 Маусым, 2019 1119 0

NewsROOM+. ҚР индустрия министрлігінің Азаматтық авиация комитеті сайлау өтетін күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әуе кеңістігін пайдалануды шектеу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР ІІМ және ҚР Қорғаныс министрлігі өзара келісілген шешім бойынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшатын аппараттарды пайдалануға шектеу енгізді. Шектеу уақыты 2019 жылдың 9 маусымында сағат 4.00-ден 00.00-ге дейін жалғасады. Шектеу жерден 500 биіктікке дейін енгізіледі, – деп хабарлады министрлік.

Шектеу Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларының жұмысына әсерін тигізбейді.

– Ұшыру шектелген аймақта рұқсатсыз ұшу үшін (пилотсыз ұшатын аппараттарды қоса) аппаратты пайдаланған тұлғаға 10 АЕК көлемінде айыппұл, лауазым иелеріне 20 АЕК көлемінде (ӘҚбК 563 бабы) айыппұл салынады, – деп атап өтті министрлікте.

Тегтер: Нұр-Сұлтан, сайлау, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.