Нюша, Араш, және Pitbull: Әлемге әйгілі жұлдыздар бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

18 Маусым, 2018 1160 0

Голливудтық актрисалар фильм тұсаукересінде бас қосса, әлемге танымал әншілер игі іс жолында бірікті. «Goalie Goalie» деген атпен Ресейдегі футболдан әлем біріншілігіне гимн ұсынған музыканттар командаларды осылай қолдауды жөн көрген.Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әлемнің атақты әншілерін спортқа деген құрмет біріктірді. Иран елінің өнерпазы – Араш, ресейлік әнші – Нюша және Питбуль мен Бланко сынды америкалық рэперлер «Goalie Goalie» әніне бейнебаян ұсынды. Туынды Лос-Анджелес қаласында түсіріліп, режиссерлық ету Фарбод Хоштинатқа бұйырыпты.

Рэпер Дрейк те «I’m Upset» трегіне клип таспалады. Музыкант бұл бейнебаяды кішігірім фильм ретінде түсіріпті. Ал туындыға серінің өмірдегі жақын достары қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, Дрейктің кезекті әнжинағы да жарық көруге әзір. Альбомның тұсаукесері шілде айына жоспарлануда.

Никки Минаж бен Ариана Гранде бірігіп дуэт жазбақ. Қос сылқым «Bed» деп аталатын жаңа хиттің тизерін ұсынды. Әншілер, осылайша табынушыларын алдын-ала қуантып қоюды көздеген екен. Қос өнерпаздың тың трегі, әлемнің 27 елінде, музыкалық чарттардың көшін бастап үлгерген.

http://https://youtu.be/OI7Buc02Rz0


Дереккөз: stan.kz

Тегтер: хит, әнші, клип, Нюша, жұлдыз, Араш

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.