Елімізде теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды
Елімізде теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды
Қазақстанда облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттары үшін теміржол билеттерінің бағасы өседі, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Баға 1 наурыздан бастап қымбаттайды. 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% - ға артады, делінген ұлттық компания хабарламасында."Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын еске салады.