weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр

Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр

Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр
ашық дереккөзі
 width= Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр, - деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі.
"Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі - "Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.