Өз күйеуін өлтірмек болып, арнайы киллер жалдаған
Өз күйеуін өлтірмек болып, арнайы киллер жалдаған
Шымкентте өз күйеуін тапсырыспен өлтірген келіншек сотталды. Қаладағы мектептердің бірінде психолог болып жұмыс істеген ол жолдасының көзін құрту үшін 1 миллион теңгеге туған жиені арқылы «киллер» жалдапты. Сөйтіп, отағасын жұмыстан қайтып келе жатқанда, 5 жерінен пышақтатып өлтірткен. Бірнеше мәрте сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде, қылмыскерлердің барлық іс-әрекеттері дәлелденіп, ұзақ жылға түрмеге жабылды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Сәмиддин ТЕМІРӘЛИЕВ, Судья: Дәриева Тамара Тұрғынбаевананы, қылмыстық кодекстің 16 шілде 1997 жылғы нұсқасы бойынша, 28 бабының 3-ші бөлігі, 96 бабының 2-ші бөлігінің «ж», «з» тармақтарымен кінәлі деп тауып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолданды. Ал, Тілеубергенов Жеңіс қылмыстық кодекстің 1997 жылғы нұсқасы бойынша 96 бабының 2-ші бөлігі «ж», «з» тармақтарымен кінәлі деп танылды. Оған осы аталған қылмысты жасағаны үшін 16 жыл мерзімге бос бостандығын айыру жазасы тағайындалды.Ал, тапсырысты орындаушы адамды тапқаны үшін келіншектің жиені 7 жылға сотталған. Айта кетейін, бұл оқиға 2012 жылы болған. Ерлі-зайыптылар арасында жиі жанжал туындай берген соң, жұбайы күйеуін өлтірткен. Алайда ауыр қылмыс 8 жыл дегенде ашылған. Оның өзінде әлгі әйелдің жиені қаза тапқан жездесін жиі-жиі түсінде көре берген соң, полицияға өзі барып моындаған екен. Ал, бұл аралықта тапсырыс беруші келіншек жәбірленуші ретінде өтіп жүрсе, «киллер» мұнан бөлек тағы 2 адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған екен. Ерлі-зайыптылардың 2 қызы бар. https://youtu.be/VH9g-Q-4M2E