Сүрбойдақтарға арналған жаңа салт пайда болыпты

Сүрбойдақтарға арналған жаңа салт пайда болыпты

ашық дереккөзі

 width= Салт әлде жат жоралғы ма? Кешел- бері әлемжеліде апталдай жігіттің аяғына ала  жіп байлап, тұсауын кесіп жатқан видео тарап жатыр. Бойдақ бала үйленсін, үйлі болсын деген үмітпен жасалған ырым екен. Сонда бұл қазақта қашаннан бар ұғым?  Бұған қатысты аға-буын өкілдері мен жігіттердің өзі не дейді? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Желіні шулатқан мына видеоның нақты қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Анығы үйленбеген жігіттің тұсауы кесіліп жатыр. Алдына ақша, аспап пен кітаптан басқа,  ақ орамал да қойылған. Құдды домбыра таңдаса, танымал күйші болар ме екен деген ойға қаласың. Дегенмен, азаматтың ақ орамал таңдағаны анық қой.   Енді оның үйленгені я үйленбегені белгісіз, алайда үлкендер бұған таңғалудың еш қажеті жоқ дейді. Бұл қазақтың бұрыннан келе жатқан ырымы көрінеді. Дегенмен, білетіндер бұл пікірмен келіспейді. Бұл қазақты қорлау, салтты мазаққа айналдырумен тең дейді.  Тұсау тек алғаш қадам басқан балаларда кесілуі тиіс деген пікірде.

Талғат ОМАР, Тарихшы «Бұл жақсы нәрсе емес. Біз барған сайын қазір айтып жатырмыз. Жігіттер біздің ерліктен айырылып бара жатыр деп. Жігіттеріміз күні әйелден төмен болып бара жатыр деп. Біз осымен тұсауын кесетін болсақ, онда бесікке бөлеп, әлди-әлдиімізді айтатын шығармыз?»
Елордалықтар да мұндай ырымнан ада екен. Жігітке ұят, қазаққа мүлдем жат құбылыс дейді. Айтпақшы, жоғарыдағы ырым тек жігіттерге ғана қатысты. Тұрмыс құрсын деген ниетпен оң босағада отырып қалған арулардың тұсауы кесілмейді екен. https://youtu.be/RrXBskEbrWI  

Жүктелуде...