Нұр-Сұлтанда бөтен адамның атынан анықтама алғысы келген тұрғын ХҚКО қызметкерін соққыға жықты

05 Маусым, 2019 567 0

NewsROOM+. Нұр-Сұлтандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде бөтен адамның атынан анықтама алғысы келген ер адам қызметкерді соққыға жықты. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұртшылықпен байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook парақшасында хабарлады.

5 маусымда елодалық ХҚКО-ға мекенжай туралы анықтама алуға ер адам келген. Азаматтың құжаттағы түріне күмәнданған мемлекеттік қызметкер одан туған күнін сұраған.

"ХҚКО қызметкері клиенттен аты-жөні мен туған күнін айтуды өтінеді. Алайда ер адам сұраққа жауап бере алмай, маманға тіл тигізіп, балағаттап, бірнеше рет ұрған", - деп жазады мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

Оқиғадан соң бөлім басшысы полиция шақырады, алайда жанжал шығарған клиент ХҚКО-дан қашып кеткен.

Кейінірек анықталғандай, ХҚКО-ға баласы бар әйел келіп, жұбайының атына анықтама алмақ болыпты. Келіншек кезекте тұрған ер адамнан анықтама алып беруді өтінсек керек. Оқиғадан соң ол да ХҚКО-дан кетіп қалған.

Зардап шеккен маман полицияға арыз жазған. Қазіргі тәртіп сақшылары ер адамды іздеп жатыр.




    

Тегтер: ХҚКО, жанжал

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.