Жаңалықтар Ұлттар кубогінде қазақстандық екі боксшы қыз алтын алды
NewsRoom Ұлттар кубогінде қазақстандық екі боксшы қыз алтын алды

Бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Ұлттар кубогінде
қазақстандық екі боксшы қыз алтын алды.
Қазақстан құрамасынан 6 боксшы финалға шықты. Әзірге олардың арасынан Арайлым Марат (48 келі) пен Дина Жоламан (54 келі) финалда қарсыластарын жеңді.
Байрақты бәсеке 9-17 қаңтар аралығына жоспарланған. Қазақстан құрамасынан 9 спортшы қатысып жатыр: Арайлым Марат (48 кг), Дина Жоламан (54 кг), Владислава Кухта (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Жансая Балтабекова (64 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Марина Вольнова (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).