Biontech және Pfizer вакцинасынан кейін 79 дәрігерден коронавирус анықталды
NewsRoom
Biontech және Pfizer вакцинасынан кейін 79 дәрігерден коронавирус анықталды
Вильнюс клиникасының 79 дәрігерінен Biontech және Pfizer вакцинасының алғашқы дозасынан кейін коронавирус анықталды. Клиниканың жұқпалы аурулар орталығының меңгерушісі, профессор Лигита Янчорене осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Профессор дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруы вакцинамен байланысты емес екенін айтады. Оның болжамынша, бұл адамдарда вакцинация кезінде вирус болған.
Клиникада 6 мыңға жуық қызметкердің 4500-ден астамы вакцинациядан өткен. Ал коронавирус 152 дәрігерден анықталған, бұлардың ішінде вакцина салдырғандар да бар. Жұмада ауруханада BioNTech және Pfizer вакциналарының алғашқы дозасы бойынша вакцинация процесін аяқтау жоспарланған болатын", - дейді клиниканың меңгерушісі.