
Вильнюс клиникасының 79 дәрігерінен Biontech және Pfizer вакцинасының алғашқы дозасынан кейін коронавирус анықталды. Клиниканың жұқпалы аурулар орталығының меңгерушісі, профессор Лигита Янчорене осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Профессор дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруы вакцинамен байланысты емес екенін айтады. Оның болжамынша, бұл адамдарда вакцинация кезінде вирус болған.
Клиникада 6 мыңға жуық қызметкердің 4500-ден астамы вакцинациядан өткен. Ал коронавирус 152 дәрігерден анықталған, бұлардың ішінде вакцина салдырғандар да бар. Жұмада ауруханада BioNTech және Pfizer вакциналарының алғашқы дозасы бойынша вакцинация процесін аяқтау жоспарланған болатын", - дейді клиниканың меңгерушісі.