6 отбасыға үй сыйлаған шымкенттік кәсіпкер зекет беруге 8 млн теңгесін жұмсады

05 Маусым, 2019 1111 0

NewsROOM+. Кәсіпкер Саухан Жүсіпбеков бұл әрекетін өзінің парызым деп санайды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Рамазан айы басталғалы Шымкент қаласындағы бес, ал Түркістан қаласында екі мешітке барып зекет ретінде берген кәсіпкер жалпы саны 300 отбасыға қолдау көрсетті. Көмекке мұқтаждардың біріне азық-түлік, кілем және өзге де тұрмыстық заттар таратса, ал енді біріне қаржылай көмек көрсеткен. Көмекке ие болған отбасылардың барлығы мешіттердегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар тізіміне енгендер. Қасиетті айдағы зекет тарату шарасы Рамазан айының соңғы күніне дейін жалғасты. Бұл күні Шымкенттегі «Айтбай ата» мешітінде азық-түлік пен тұрмыстық заттар таратылды.

Айта кетейік, кәсіпкер азамат үшін қасиетті айда қайырымдылық жасау әдеткен айналған. Бұған дейін қалталы азамат жыл сайын 200 отбасыға материалдық қолдау көрсетіп келген. Былтыр ол 2 млн теңгесін зекет беруге жұмсаған болатын. Ал 2016, 2017, 2018 жылдары жомарт жан 6 отбасыға баспана сыйлаған.

Тегтер: шымкент, зекет, кәіпкер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.