Ақтөбе облысында оқушылар төрт бөлмеде алма-кезек оқуға мәжбүр

Ақтөбе облысында оқушылар төрт бөлмеде алма-кезек оқуға мәжбүр

ашық дереккөзі

 width= Ақтөбе облысындағы Алтынды ауылының оқушылары төрт бөлмеде алма-кезек оқуға мәжбүр. Балаларға санитар мамандар сабаққа қатысуға рұқсат бергенімен, класс жетіспейді. Бала түгілі, мұғалімдердің өз бөлмесі жоқ. Олар журналдарын жүре толтырады. Ал Мұғалжар ауданының басшылығы бұл мәселе биыл шешіледі дейді. Қазіргі таңда жаңа мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіпті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алтынды ауылындағы 1969 жылы салынған мектеп екі жыл бұрын апатты деп танылған. Білім ошағы уақытша ауыл ішіндегі кеншілер үйіне көшеді. Содан бері балалар тығылысып төрт бөлмені паналапты. Енді пандемияға байланысты тек 27 бала келіп жүр. Ал Мұғалжар ауданынның басшылығы жаңа мектеп биыл салынатынын айтады. Жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп қойыпты.

 Ғалым ҚОБЛАНДИН, Мұғалжар ауданы әкімінің Орынбасары «Мектеп құрылысына байланысты жобалау сметалық құжаттама дайын. Облыстық экономика басқармасына біз құжаттарымызды беріп қойдық. Республикадан, облыстан қолдау тауып жатса мектеп құрылысын биыл бастап кетеміз».
Шенеуніктердің дерегінше, жаңа мектеп 60 орынға лайықталып салынады. Осылайша мәселе шешіліп, ауылдың 127 баласы екі ауысыммен заманауи білім ордасында оқитын болады. https://youtu.be/xCjz6qSYEj8

Жүктелуде...