Жаңалықтар

Мырзахметов: Карантиннен кейін ел экономикасы бұрынғыдай болмайды

Мырзахметов: Карантиннен кейін ел экономикасы бұрынғыдай болмайды

ҚР "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап жұмыссыз қалған халықтың жағдайын айтып, карантиннен кейінгі кәсіпкерлердің жұмысы жайында сөз қозғады, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі BAQ.KZ сілтеме жасап.
Қауіпті дерт ұлан байтақ еліміздің барлық облысына жетті. Барлық облыс орталықтарында карантин шаралары жүргізілуде. Бір жарым ай еліміз төтенше жағдай тұрғысында өмір сүріп келе жатыр. Екі үлкен қаламызда бір айдан астам азаматтарымыз карантин режимін сақтап отыр. Әрине, төрт қабырғада отыру оңай емес. Үлкен шыдамдылық пен тәртіп керек. Өзімізді-өзімізді шектеу керек. Бұл дерттің қауіпті екенін, бізге жүктелген тәртіпті сақтау керектігін барлығымыз түсінген сияқтымыз, - деп бастады ол сөзін.
Сонымен қатар, ол қоғам осы жағдайдан қалай шығады, қалай дамиды, соның ішінде экономикамыздың жағдайы не болады, қандай табыс көздері болады деген ойларымен бөлісті.
Кеше ғана кеңес төрағасы Елбасымыз да бұл мәселені көтерді. Бәріміз түсінгендей өміріміз бұрыңғыдай болмайтын сияқты. Өйткені барлық сарапшылардың айтуына қарасақ, бұл вирус ұзаққа келген. Бұл індетке қарсы вакцина табылмайынша, қайтпайтын түрі бар. 20 сәуірден бастап екі үлкен қаламызда экономиканы қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Бірнеше кәсіпорынның іске қосылуына рұқсат берілді. Осы тұрғыда айтатын болсақ, бизнестің жағдайы бұрыңғыдай болмайды. Іске қосылғанымен санитарлық нормаларды қатаң сақтаулары керек. Сондықтан біздің кәсіпкерлер өздеріне артып отырған жауапкершілікті сезіну керек. Керек болса, денсаулық сертификаты барлық мекемеге берілу керек. Алдағы  уақытта апта сайын бірнеше кәсіпорындар іске қосылады.  Олар ең бірінше пайданы емес, қауіпсіздікті ойлауы керек, - деді төраға.
Карантиннен кейінгі елдегі экономиканың жағдайы қандай болмақ деген сұраққа да өз пікірін білдірді.
Қазір 4 млн-ға жуық азаматымыз 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны алып отыр. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Бізде 9 млн-ға жуық жұмысқа тартылатын адам бар, орта есеппен олардың жартысы табыссыз қалып отыр. Халықты толғандырып отырған маңызды мәселе болашағымыз не болады? Жұмысымыз, табысымыз не болмақ? Менің айтарым экономика бұрыңғыдай болмайды, бұрыңғыша қалпына келмейді. Оны кеше Елбасы да айтты. Бизнестің басым көпшілігі онлайн бағытқа өтеді. Кейбір сала тоқтап, дағдарысқа ұшырауы да мүмкін. Бірақ, бұл тек болжам ғана. Қазір көпшілігі жұмысты онлайн форматта істеп жатыр. Көп жерде бағдарламалар арқылы азаматтарды  жұмысқа тұрғызып жатыр. Бұл дұрыс бағыт деп ойламын. Карантиннен кейін де азаматтарымызды белсенді түрде жұмыспен қамту біздің басты міндеміз, - деді Абылай Мырзахметов.
Сонымен қатар, елдегі ең үлкен саланың бірі ауыл шаруашылығы жайында да  айтып кетті.
Ең үлкен сала  ауыл шаруашылығы. Әсіресе, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласындағы ауылдан келген азаматтарымыз ойлану керек. Оларға жағдай жасаумыз керек. Олардың ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөліп, өз табысын өзі табатын жағдайы болу керек. Кешегі күні Елбасымыз да айтып кетті, қазір әлемдегі тамақ саласы, тамақпен қамту бұл бірден-бір өзекті мәселенің бірі. Карантинге көшкен кезде барлық шекара жабылып, қалай болғандығын өзіміз көрдік. Осы орайда не істеуіміз керек? Менің ойымша шағын бизнесті дамыту керек. 2 млн өзін-өзі асырап жүрген азамат бар. Сонымен қатар,1 млн-ға жуық жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. Оларға қиын болатыны сөзсіз. Карантиннен шығар кезде арнайы бағдарлама дайындау қажет. Оны біз дайындап та қойдық. Осы тұрғыда біздің есеп бойынша 3,5 мнл адамға бағдарлама дайындап, жұмыс табу мәселесін қолға алу керек, - деді төраға.