Forbes тізімінде жаңа миллиардер пайда болды

Forbes тізімінде жаңа миллиардер пайда болды

ашық дереккөзі

 width= Украинаның 45 жастағы тумасы Макс Левчин Affirm стартапының IPO-сынан кейін миллиардер болды. Ол осы стартаптың бас директоры, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  LIGA.Бизнес сайтына сілтеме жасап. Forbes журналының мәліметіне қарағанда, Левчиннің байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланады.

"Forbes тізімінде жаңа миллиардер пайда болды", - делінген хабарламада.
Дереккөз мәліметінше, Affirm стартапы биржаға 13 қаңтарда шығарылып, 1,2 миллиард доллар табыс тапты. Ал жаңа миллиардерге осы акцияның 11 пайызы тиесілі екен. Осыдан кейін оның байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланған. Осылайша, ол Forbes тізімінде миллиардер атанды.

Жүктелуде...