Президент "Көк-Жайлау" тау-шаңғылы шипажайына қатысты пікірін білдірді
Президент "Көк-Жайлау" тау-шаңғылы шипажайына қатысты пікірін білдірді

Қасымжомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті "Мен бүгін бұл жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни, "Көкжайлау" тау-шаңғы курортын салуға. Ол керек емес. Оған барлық кәсіби экологтар мен қоғам өкілдері қарсы шықты".Бір жылдан бері кезінде ұлттық парктен алынған жерлерді қайтару жыр болған еді. Қазір бұл процесі аяқталуға таяп қалыпты. Орманшылар ол жерлердің әр өсімдігіне дейін жақсы білеміз, абырой болғанда бірде бір ағаш кесілмеді деп отыр.
Райхан МҰХАМЕДЖАНОВА, «Іле Алатау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Аға орманшысы "Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Сол өткізілген 1002 гектар қайтадан біздің ұлттық парктің орман қоры аумағына аударылады. Қазіргі таңда Медеу филиалының үш орманшылығынан бөлініп алынған жерлер, сол жерлер сол бойында болашақта қайтып өзімізге келеді".Ал өткен жылы Іле-Алатау паркінің біраз бөлігі 49 жылға инвесторларға жалге берілген болатын. Бүгін алғашқы визит орталығы ашылды. Екі аптаның ішінде бұл жерге 300-ден астам адам келіп үлгеріпті. Жалғыз аяқ жолдар мен туристік бағыттан туралы ақпарат беріп, тамақтанып, тынығуына болады.
Рашида ШАЙКЕНОВА, Қазақ туристік Қауымдастығының Директоры "Шетелдік және отандық саяхатшылар бұл жерден қажетті ақпараттар, тиісті бағыттар туралы сәліметтер алатын болады. Атап айтқанда, жалғыз аяқ жолдардың бағымен қашықтығы, қандай сүрлеулері бар сақтану жолдары көрсетіледі".Инвесторлар туристерді тарту үшін барынша жағдай жасауды көздеуде. Өткен жылы 900 миллион теңге жұмсаса, биыл жыл соңына дейін 2 миллиард теңге инвестиция салуды көздейді.