"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты

"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты

"Зейнетақы жүйесі әділ болып, адамдар мүддесіне сай болуы керек. Біз маңызды, бірегей реформаны – зейнетақы активтерін ішінара алу және пайдалану мүмкіндігін іске қостық. Сонымен қатар азаматтарға өз жинағын түрлі құрал арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет", - деді мемлекет басшысы.Оның айтуынша, үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. "Оны іс жүзінде жүзеге асыру сапалы заңнаманы талап ететіні анық", - деді Тоқаев. Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған парламенттің алғашқы сессиясына қатысты. 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтті: Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясы. Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.