Тоқаев: Мәжіліс пен мәслихаттарға тәртіпті де парасатты адамдар келді

Тоқаев: Мәжіліс пен мәслихаттарға тәртіпті де парасатты адамдар келді

ашық дереккөзі

 width= Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының соңғы сайлауы саяси бәсекелестіктің күшеюіне оң әсерін тигізді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Президенттің айтуынша, Мәжіліс пен мәслихатқа тәртіпті адамдар келді.

Соңғы сайлау саяси бәсекелестіктің артуына оң әсер етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға тәртіпті де парасатты адамдар келді. Біз бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мемлекет басшысы парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтетінін айтты.
"Осылайша, біз көппартиялықты дамытуға және елдегі парламентаризмді нығайтуға елеулі серпін бердік", - деді ТОҚАЕВ.

Жүктелуде...