Көршісін тонамақ болған ұрылар ұсталды
Көршісін тонамақ болған ұрылар ұсталды

Ұрылар ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.Бұл бап үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салудан бастап мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады. Ұрылар пәтерге құлыпты бұзып, құнды заттардың барлығын, атап айтқанда, көбінесе зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық техника мен ақшаны алып кетеді. Сондықтан, полицейлер үйден шыққан кезде терезе мен балкон есігінің мықтап жабылған-жабылмағанын тексеруді ұсынады. Жыл басынан бері облыста төрт пәтер ұрлығы тіркеліп, барлығы ашылды.