weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Көршісін тонамақ болған ұрылар ұсталды

Көршісін тонамақ болған ұрылар ұсталды

Көршісін тонамақ болған ұрылар ұсталды
ашық дереккөзі
 width= Жәбірленушілердің құнды заттарын алып кетпес бұрын, ұрылар алдымен есікті ақырын қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін үйге кірген. Жедел уәкілдер пәтер ұрлығына күдікті екі павлодарлықты ұстады, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 9 қаңтарда екі ер адам Павлодарда, академик Бектұров көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдаған. Олар батылдау болу үшін ішімдік ішіп, көршінің есігін қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін сыртқы есікті бұзып, тұрғын үйге кірген. Ол жерден ноутбук, микротолқынды пеш, фотоаппарат, барсетка және қымбат иіс суды алып кеткен.
Ұрылар ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.
Бұл бап үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салудан бастап мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады. Ұрылар пәтерге құлыпты бұзып, құнды заттардың барлығын, атап айтқанда, көбінесе зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық техника мен ақшаны алып кетеді. Сондықтан, полицейлер үйден шыққан кезде терезе мен балкон есігінің мықтап жабылған-жабылмағанын тексеруді ұсынады. Жыл басынан бері облыста төрт пәтер ұрлығы тіркеліп, барлығы ашылды.