Иттің эмоциясын білдіретін қарғыбау (видео)

Иттің эмоциясын білдіретін қарғыбау (видео)

ашық дереккөзі

 width= Оңтүстік Кореяда итке арналған аудармашы қарғыбау стартабы іске қосылып, сатылымға шыға бастады. Бұл туралы Newsroom ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Аталған аудармашы қарғыбау арқылы енді ит иесі ең адал досының эмоциясын арнайы мобильді қосымша арқылы біліп отырады. Ақылды қарғыбау арнайы сервиске иттің үргенін жіберіп, сол жерде жасанды сана анализ жасайды. Petplus қосымшасының базасында 10 мың түрлі үрген иттің дыбысы сақталған. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін 3 жыл уақыт кеткен. Иттің иесі арнайы смартфондағы қосымша арқылы иттің эмоциясын ғана емес, оның белсенділігі мен дұрыс демалғанын да біле алады. https://www.youtube.com/watch?v=1tLAeZoDAlc

Жүктелуде...