Имашев Назарбаеваға депутат куәлігін табыстады

Имашев Назарбаеваға депутат куәлігін табыстады

ашық дереккөзі

 width=

Орталық сайлау комиссияның төрағасы Берік Имашев жаңадан сайланған депутаттардың куәліктерін тапсырды деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.  Мәжілісменнің омырауға тағатын белгісін Дариға Назарбаева да алды. Бүгінгі шараға біраз адам жиналды. Жаңадан сайланған депутаттар мен комиссия мүшелерінен бөлек бұқаралық ақпарат өкілдері де болды. Осыған байланысты қатаң сақтық шаралары қолға алынды. Сенаттың экс-төрағасы Дариға Назарбаева да барлық санитарлық талапты сақтады. Ал қара түсті бетпердесінде "Spread Love Not Virus" (Вирус емес - махаббат таратыңыз") деген жазу бар.  width= Комиссия төрағасы әрбір депутаттың куәлігі мен белгісін өзі тапсырды. Берік Имашев қолғаппен болды. Ешкіммен қол алысқан жоқ. Оның орнына әрбіреуін шынтақ тигізу арқылы құттықтады. Айта кетейік, осы жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша: Nur Otan партиясы – 71,09%; "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95%; Қазақстан халық партиясы – 9,1%; "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%; "Адал" партиясы – 3,57%.

Жүктелуде...