Алматыда жаңа теміржол вокзалы салынады
Алматыда жаңа теміржол вокзалы салынады

"Сондай-ақ, бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай аумағында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Онда Станция бар, тек вокзал салу керек. Осылайша бүкіл батыс аумақтар қамтылады. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғындары қалаға Алматы-2-ге кірмей-ақ келе алады. Осылайша, біз негізгі вокзалдың жүктемесін азайтамыз", - деді Сатыбалдиев.Сатыбалдиев Алматыдағы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым екенін айтты. Ол торапқа Алматы-1 және Алматы-2 станцияларын қоса алғанда, тоғыз станция кіреді.