Ермахан Ибраимов пен Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатының депутаты болды

Ермахан Ибраимов пен Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатының депутаты болды

ашық дереккөзі

 width=
Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді. Олардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік бар, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Nur Otan атынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімінде 29 адам бар. Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі - 31 пайыз, жастардың үлесі - 24 пайыз болды. Орташа жас - 43 жас, құрамы 5 жылға жасарды. Nur Otan атынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі: 1. Ақанова Әсия Айқанқызы - Алмалы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және "Күміс ғасыр" ҚҚ директоры. 2. Авершин Константин Викторович – "Мен-алматылықпын" НҚ көшбасшысы. 3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы - қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер. 4. Әділханов Мұрат Әділханұлы - "Көктем групп ЛТД" басқарма Төрағасы. 5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы - Tanmedia Group директорлар кеңесінің төрағасы. 6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы - "№169 мектеп-лицейі" КММ директоры. 7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы - "Алматы" ӘКК" АҚ басқарма Төрағасы. 8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы - Д.Қонаев атындағы колледж директоры. 9. Грачев Михаил Владимирович - "ДСУ-13" АҚ директоры. 10. Есматов Серік Аманжолұлы - параолимпиялық спортшы, волейболдан ҚР жастар құрамасының экс-капитаны. 11. Жүдебаев Арман Әділханұлы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры. 12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы - "Good food KZ" ЖШС директоры. 13. Ибрагимова Ләззат Еркенқызы  - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы. 14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы - бокстан Олимпиада чемпионы, "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК директоры. 15. Канкуров Станислав Владимирович - Nur Otan Алматы МФ төрағасының бірінші орынбасары. 16. Қасымов Ерболат Болатұлы – "Айсұлтан"холдинг компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. 17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, "ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ директоры. 18. Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы - ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" МКК бас дәрігері, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы. 19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы - Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің директоры. 20. Құрманбек Әсел - "Green Works" ЖШС құрылтайшысы. 21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы - "Атрикс-Строй" ЖШС директоры. 22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы - №5 "қалалық клиникалық аурухана" МКК бас дәрігері. 23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы - "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы. 24. Талбидинов Есенгелді Закирханұлы - "Жол-Транссервис-2006" бас директоры. 25. Тау Нұрымбек - Daco motors KZ директоры. 26. Өмірбаева Зәуреш Әбілғожанқызы – Алматы қаласы "Кәсіподақ орталығы "Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы. 27. Финогенов Максим Владимирович - DWS group компаниясының директоры. 28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы - "АЗМК" бас директоры. 29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы - Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

Жүктелуде...