"Саны емес, сапасы маңызды": Тоқаев әкімдердің жұмысын автожолдардың сапасына қарай бағаламақ

04 Маусым, 2019 543 0

NewsROOM+. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің жұмысын автожолдардың сапасына қарай бағаламақ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz 

«Нағыз сапалы жол қандай болуы керек? Ең алдымен, сол жолды пайдаланатын тұрғындарды діттеген жеріне тез, жылдам апаратын қауіпсіз жол болуы тиіс. Жөнделген жолдың саны емес, сапасы маңызды! Әкімдіктердің жұмысын осы талапқа сай бағалайтын боламын» - деп атап өтті Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесуінде.

Сонымен қатар мемлекет басшысы өзен суларының тартылу мәселесіне де тоқталды.

«Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы тартылып барады. Жайықтың су ресурстарын сақтау, қорғау және қалпына үшін Ресеймен ынтымақтастықты нығайта түсу қажет. Мен бұл жұмысқа өзім кірісемін!» - дейді президент


Тегтер: Қасым-ЖомартТоқаев, заң, жол

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.