
"Мәди Ахметовпен Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде жұмыс істедік. Енді Парламент қабырғасында жұмыс істейік деп отырмыз. Мәди - шын мәнінде дұрыс адам, жастардың лидері. Партиялық тізімге сөйлеген сөздері үшін емес, атқарған нақты жұмыстарының арқасында енді. Не айтса да ол өзінің пікірі ғой", - дейді Сарым.
Бұдан ары пост авторы Мәдиге өзінің ағалық ақылын айтқан.
Мәди, қоғамның сөзіне құлақ аспай-ақ қой. Уильям Уоллас туралы Мел Гибсон түсірген фильмде ұлына билігін тапсырып жатқан корольдің мынадай қанатты сөзі бар: "Егер сені қарғап-сілеп жатса, сен саясатқа дайынсың!" - дейді ол.