"Қайрат" футбол клубы 1,2 млн еуроға футболшы сатып алатыны рас па?

"Қайрат" футбол клубы 1,2 млн еуроға футболшы сатып алатыны рас па?

ашық дереккөзі

 width= Неміс шабуылдаушысы Стрели Мамба қазақстандық «Қайрат» клубына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Kicker-ге сілтеме жасап. Футболшының «Падерборнмен» келісімшарты 2022 жылға дейін жасалғандықтан, неміс командасы ол үшін қомақты қаржы алғысы келеді. Transfermarkt 26 жастағы футболшының нарықтағы бағасын 1,2 млн еуро деп отыр. Мамба ортада шабуылдап қана қоймай, флангада да ойнай алады.  Отанында «Штутгарта» атты жастар командасының құрамында болған. Сондай-ақ, «Энерги» және т.б. клубтар үшін ойнады. Күз айында оны «Кельн» 1,5 млн еуроға сатып алмақ болды. Алайда бұл трансфер аяқсыз қалды.

Жүктелуде...