Алматы тағы бір ат шулы оқиғамен тарихта қалды

Алматы тағы бір ат шулы оқиғамен тарихта қалды

ашық дереккөзі

 width= Есірткі саудасының тағы бір үлкен партиясына тосқауыл қойылды. Алматыда бір тоннадан астам героин тәркілеп мамандар өртеп жойды. Бұл әлем тарихындағы ең үлкен екінші жағдай екен. Мәрмәрдің ішіне жасырылған есірткіні қалай ұстағаны және қайда бара жатқаны туралы келесі сюжеттен көрейік. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алматы тағы бір ат шулы оқиғамен тарихта қалды. Оңтүстік шаһарда бір тоннадан астам героин тәркілеп, отқа жақты. Бұл әлем бойынша есірткі контрабандасымен күрес кезіндегі ең үлкен екінші жағдай. Бұған дейін 2007 жылы АҚШ-та 1300 келі есірткіні тәркілеп отқа жаққан болатын". Ираннан шыққан жүк көлігі Қазақстан шекарасын кесіп Еуропалық одақ елдеріне «өңделген мәрмәр» деген атаумен өтуді жоспарлаған. Алайда, Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментіне оның ішінде героин бар екендігі туралы ақпарат келіп түсіп, бірден іске кіріскен. Нәтижесінде мәрмәр тастардың арасынан бір тонна жүз келі есірткінің жасырылғаны анықталды. Тексеру кезінде 2 208 брикетті анықтаған мамандар одан кейін бір бөлігін қаржы мониторинг комитеті қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізген. Ол жерде тауарды алу барысында бұл іске қатысты Түркия азаматтары ұсталған. Бұл операцияға Германия, Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерланд құқық қорғау және кеден қызметкерлері жұмылдырылыпты. Қазіргі уақытта оның құны шамамен 350 миллион АҚШ долларын құрайды екен.

Жақсылық МЫРЗАХАН, Қалалық экономикалық тергеу департаментінің Ресми өкілі: "Бұл транзиттің бағытында кетіп бара жатқан сол көлік жүргізушілері анықталды. Және олардың накладнойлары тексерілді. Яғни, тек қана бұлар Қазақстанның территориясынан өтпек болған. Ал, жалпы бұлардың ұйымдастырушылары мұны тапсырыс берген азаматтар басқа елде тұратындығы анықталған".
Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы зауыттардың бірінде гериннің үлкен партиясын өртеп жойды. Мамандардың сөзінше онда шамамен 5 миллионға жуық доза бар екен. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. https://youtu.be/NjNseRTJGOE

Жүктелуде...