Өңірлерді су басу қаупі төнді
Өңірлерді су басу қаупі төнді

Манарбек МУСИН, Ертіс ауылдық округының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы Бас маманы: "Қазір тағы аяздар болса, мүмкін осындай жағдай тағы болуы мүмкін. Но қазір барлық жұмыстарды қолданып жатырмыз. Бәрін қаптап, бір 600 қаптай салдық қой деймін".Ауыл тұрғындары қатқан мұзды жарып, суды төмен ағызып жіберу арқылы проблеманы шешуге болады дейді. Бірақ бұл әдіс басқа ауылдарға залал келтіруі әбден мүмкін екен.
Ерлан ЖҰМАҒҰЛОВ, Ертіс ауылдық округінің Әкімі: "Осы жердегі проблеманы шешсек, төменгі орналасқан ауылдарға кедергі жасайды. Су көтерілуі мүмкін. Су өз арнасын тауып, өзі ары қарай аға береді. Дәл қазір мұзды жарып?- керек емес".Жамбыл облысының Майтөбе ауылы маңында да түн ішінде су тасып, қаннен қаперсіз жатқан елдің зәресін алды. Бірер күн бұрын жауған нөсердің салдарынан тау жотасындағы қар суы еріп, елдімекенге беттеген.
Ербол ТАМДЫБЕКҰЛЫ Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің Әкімі «Шамамен түнгі сағат үштер шамасында толығымен су жүйесін басқа арнаға түсірдік. Қыстың қатты болуына байланысты тоң кіріп кеткен жерге, сол себепті техникамен ауылға кіру қиындық туғызды бізге. Ауылды толығымен аралап шықтық».Жауаптылар қауіптің бетін қайтардық дегенмен, Қазгидромет алдағы күндерде температура едәуір төмендейді деп болжап отыр. https://youtu.be/GWeSSkhaO1k