«Астана банкінің» менеджері 160 млн теңге қаражатты жымқырған

04 Маусым, 2019 596 0

NewsROOM+. 160 млн теңгені жымқырған «Астана банкінің» топ-менеджері қамауға алынды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған комитеттің экономикалық тергеу қызметі Әділет министрлігіне қарасты республикалық құқықтық ақпарат орталығының шотынан 160 млн теңге қаражатты жымқыру фактісімен тергеуді бастады.«Астана Банкі» акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары Е.Ж.Увалеев 2012 жылы қазан айында республикалық құқықтық ақпарат орталығының атынан төлем тапсырмасын қолдан жасап, ұрланған қаражатты өзіне бағынышты компанияның шотына аударған. 

Банк менеджері А. Х. Жундугулова аталған қылмысты 6 жыл бойы жасыруға көмектесіп келген. Өзіне қатысты алаяқтықтың әшкереленуіне жол бермеген банк қызметкері, ай сайын республикалық құқықтық ақпарат орталығының бухгалтериясына олардың шоты туралы жалған мәліметтер берген. Күдіктілер өз кінәларын мойындап, келген шығындар көлемін толықтай өтеді. Тергеу барысында күдікті Е.Ж.Увалеев соттың санкциясымен қамауда болды. 

Күдіктілер тергеу барысында заңсыз іс-әрекетке барғанын мойындап, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен Е.Ж.Увалеев пен А.Х.Жундугулова кінәлі ретінде, қылмыстық жауапқа тартылған. 

Тегтер: Астана, банк, қаржы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.