Зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін қандай банктен шот ашу керек?
Зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін қандай банктен шот ашу керек?

- ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеп, құрылғыңызға қондыру қажет (IOS және Android).
- Қосымшаның басты бетінің төменгі жағындағы "Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу" пернесін басыңыз.
- Сосын қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз.
- Ұялы телефон нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі.
- Келген кодты енгізіңіз
- Сканерлеу үшін жеке куәлігіңізді дайындап қойыңыз.
- Енді өзіңізді куәландыру қажет. Экранға қарап, қиын емес бірнеше іс-әрекетті орындаңыз.
- Верификациядан сәтті өткеннен кейін клиент сауалнамасындағы жеке деректерді толтырыңыз.
- Деректерді өзгертуге арналған өтінішпен, Банктің стандартты талаптарымен және біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу туралы өтінішпен танысыңыз.
- Бұл әрекет расталу үшін сіздің нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі, келген кодты енгізіңіз.
- Әрі қарай, интернет-банкингке кіру үшін пароль ойлап тауып, енгізіңіз. Мобильді қосымшаға жылдам кіру үшін 4 саннан тұратын пасскодты ойлап тауып, енгізіңіз.
- Біржолғы зейнетақы төлемі аударылатын арнайы ағымдағы шот ашылды!
Бүгін біз БЖЗҚ салымшыларына мақсаттарына бір қадам жақындап, онлайн режимде арнайы шот ашуды ұсынамыз. Бұл біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш берген кезде, тұрғындарымыздың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы Банк» уәкілетті оператор ретінде зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шот ашуға және жүргізуге, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін аударуға байланысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды.