Балтабек Нұрғалиев: Сайлау өтті мінекей, әділ жолмен...

Балтабек Нұрғалиев: Сайлау өтті мінекей, әділ жолмен...

ашық дереккөзі

 width= "Бұл өлеңім басым пайызбен жеңіске жеткен партиямыздың құрметіне арналды!" - деп өлеңін бастаған ақын Балтабек Нұрғалиев сайлауда жеңіске жеткен "Nur Otan" партиясына жыр арнады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.  "Әділдік бар! Өмірде әділдік бар! Әділдікті әрдайым жаным құптар! Сайлау өтті мінекей, әділ жолмен, Көңілінен халықтың табылдық бар!   Жетті, міне, жеңіске "Нұр Отаным", Нұр Отанның жеңісін ұнатамын! Ұранымыз мерейлі: "Біз біргеміз!", Баласындай елміз ғой бір атаның!   Нұр Отанмен жүрегім бірге менің, Нұр Отанның арқасы гүлдегенім, Нұр Отанның жеңісі - ел жеңісі, Тәуелсіздік жеңісі бұл дегенім!   Нұр Отанның жеңісі тегін емес, Ел сенімін арқалау жеңіл емес! Құтты болсын жеңісің, халқым менің, Нұр Отансыз бұл өмір - өмір емес!!! Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев", - деп жырын аятаған.

Жүктелуде...