Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова қайта тұрмысқа шықпақшы ма?

Мөлдір Әуелбекова қайта тұрмысқа шықпақшы ма?

Кешью тобының бұрынғы әншісі, бүгінде жеке әнші ретінде танымал Мөлдір Әуелбекова "бір шанс бер дейді. Қайтейін?" деп жазба қалдырып, гүл шоқтарымен түскен суретін Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Жеке өмірі туралы көптен бері тіс жармай қойған әншінің бұл әрекетіне желі қолданушылары пікірлерін жаза жөнелген. "Жүрегіңізді тыңдаңыз, сіз бақытты болуға лайықтысыз!", "баланың әкесі болса, шанс бергеніңіз дұрыс, егер бөтен біреу болса, керек емес!", жүрегіңізді тыңдаңыз!" деп жазса, кейбіреулер "жоқ, бермеңіз!", " қайтадан қателік жасамаңыз!" деген пікірлер қалдырған. Еске сала кетсек, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы тұрмысқа шыққан. Әнші Арыстан есімді кәсіпкер жігіттің жары атанған. Екеуі Салтай есімді ұлды болып, дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен болатын. Әншінің астарлап жазғанына оқырмандары екі ойлы болуда. Кейбірі оның бұрынғы күйеуімен жарасқысы келетінін айтса, кейбірі өзге жанға тұрмысқа шығуға ниетті екенін білмей дал болуда.