Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Цинциннати америкалық балалар ауруханасының медициналық ғылымдар докторы Джошуа Шаффцин COVID-19 жұқтырғанда ішуге болмайтын дәріні атады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Yahoo life порталына сілтеме жасап.
Біріншіден, дәрігер құрамында лоперамид бар диареяға қарсы прпараттарды қолдануға болмайтынын айтады. Дәрігердің сөзінше, мұндай медикаменттер асқазан жұмысын бәсеңдетеді, ол организмнің бактериялар мен асқынулардан тазалануына жол бермейді. Дәрігер суды көбірек ішіп, табиғи процеске кедергі жасамау керегін айтты.
Екіншіден, ингаляторларды қолданбау керек. Дәрігер егер астма жоқ жағдайда оны жиі қолданбауды ұсынды, себебі ол жүрекке зиян. Маман құрамында фенилафрин бар кез келген дәрі жүрекке зиян екенін айтады. Белсенді ингредиент мұрынға арналған көптеген спрейдің құрамында болады.
Дәрігердің сөзінше, ол әсіресе қан қысымы жоғары адамдарға зиян.