Жаңалықтар

Елбасына ескерткіш қою туралы ұсыныс жасаған жігіт депутаттар қатарында

Елбасына ескерткіш қою туралы ұсыныс жасаған жігіт депутаттар қатарында

 width= «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Аталған депутаттардың қатарында ең жас депутат ретінде Алматы қаласы бойынша "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов те бар. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы  Мәди Ахметов Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою туралы ұсыныс жасап, рұқсат сұраған еді.
"Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміздің дамуы мен көркеюіне өлшеусіз үлес қосқаныңыз үшін Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылының бойында сіздің құрметіңізге ескерткіш қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз", - "Жас Отан" жастар қанатының басшысы Мәди Ахметов.
Ал бұл ұсынысқа Елбасы да жауабын берген болатын:
"Рахмет, жастардың атынан осындай ұсыныстардың түсуі қуантады. Алайда мен мұндай ескерткіштердің салынуына қарсымын. Мен алдарыңда отырмын. Ескерткіштің не қажеті бар?" - деп күле сұрақ қойған Елбасы артынша:  "Мен президент емеспін, менің қолымда тұрған ештеңе жоқ. Егер халық қаласа, менің бас тартуға құқым жоқ. Рахмет сендерге. Бақытты болыңдар!" - деп сөзін түйіндеді.