Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өнер жұлдыздары Шымкентте шенеунік болуға неге құмартып кетті?

Өнер жұлдыздары Шымкентте шенеунік болуға неге құмартып кетті?

Өнер жұлдыздары Шымкентте шенеунік болуға неге құмартып кетті?
ашық дереккөзі
 width= Соңғы жаңалықтардың дені өнер жұлдыздарының басшылыққа келуіне ұласып кетті. Атап айтқан кезде бір емес, үш әншінің Шымкент қаласына басшылық қызметке барғаны белгілі болды. Бұл туралы Newsroom ақпарат агенттігі хабарлайды. Қазақстандық әнші, танымал "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын. Ізін суытпай 2021 жылдың 8 қаңтар күні Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы болып тағайындалды. «Иә, иә, мына жаман індет былтырдан бері талай адамның тағдыры мен табысына қыруар өзгеріс енгізіп келеді. Қарапайым халықтың күнкөрісі әбден нашарлап, кімге жүгінерін де білмей қалды. Бұл ретте түрлі тойлар мен құдалықтардан миллиондап табысқа кенелетін шоу-бизнес өкілдерінің күні тіптен қараң болды! Бірақ, абыржымаңыздар – Шымкентке келіңіздер – әншілер шеттерінен шенеунікке айналып, азын-аулақ болса да, оларға тұрақты жалақы алатын жағдай жасалып келеді. Міне, Сәкен мен Майрадан кейін мегаполисімізге Ақбота Керімбекова келді. Жай келген жоқ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары орынтағына жайғасты. Шымкенттіктер, жалпы құтты болсын! Пандемия кетіп, той маусымы бастала қалса, әншілерді алыстан іздемейтін болдық!..» - деп жазды Әсет Әссанди. Ақбота Керімбекованың тағайындалуына қатысты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып, әншінің өнердегі құрбысы Индира Елубаева бөліскен. Ол эстрада жұлдызының жаңа қызметке ауысуы жайлы Instagram парақшасында хабарлап, оған жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеген.  width=

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату