Трамп Джо Байденнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болды

Трамп Джо Байденнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болды

ашық дереккөзі

 width= АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда төтенше жағдай режимін енгізді. Бұл шаралар сайлауда жеңіске жеткен демократ Джо Байденді ұлықтау рәсімінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданды. Рәсім АҚШ-та 20 қаңтарда өтеді, - деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі. Америка астанасының билігі бұған дейін төтенше жағдай режимін өз бастамасы бойынша енгізген болатын. Содан кейін олар Трампқа осылай жасауды ұсынған. Бұл керек болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін федералды көмек алу үшін қажет. "Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбия округінде төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады және 59-президенттік ұлықтау рәсіміне орай федерал көмекті төтенше жағдайға байланысты округтің күш-жігеріне қосымша артуды бұйырды", - делінген Ақ үйдің хабарламасында. Трамп әкімшілігінде Вашингтондағы Капитолийге жасалған шабуылдан бері үшінші министр отставкаға кетті. Ол АҚШ ішкі қауіпсіздік министрінің міндетін атқарушы Чед Вольф болды. Еске салайық, 6 қаңтарда Дональд Трамп Вашингтонда өткен митингіде жақтастарын Президент сайлауының нәтижелеріне қарсы "әлсіз республикашыларға көмектесу" үшін Капитолийді басып алуға шақырған еді. Жиналғандар Капитолийді қоршап алып, ғимаратқа басып кірген, осылайша олар Джо Байденнің жеңісін растайтын конгресстің бірлескен сессиясын тоқтатты. Қақтығыстан бес адам қаза болды.

Жүктелуде...