Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ауыс-түйіс басталды: Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметте

Ауыс-түйіс басталды: Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметте

Ауыс-түйіс басталды: Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметте
ашық дереккөзі
 width= Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді. «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды. Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі. Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). ОҚО, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері. Мұхтархан Қобланбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату