Тоқаев Назарбаевтың президенттікке бірнеше кандидатты қарастырғанын айтты

03 Маусым, 2019 573 0

NewsROOM+. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұрагері болуға бірнеше кандидатты қарастырған болатын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей" телеарнасына берген сұқбатында.

"Нұрсұлтан Әбішұлы партия съезінде өзі айтқандай, бұл мәселені біраз уақыт бойы қарастырған. Құпияны ашар болсам, үш жыл бойы талқыланды. Ол басқа кандидаттарды да қарастырғанын жасырған жоқ. Бірақ 19 наурызда Қазақстандағы биліктің тізгінін қолға алу маған бұйырды", - деді Тоқаев.

Қазақстан президентінің пікірінше, халықаралық қауымдастық Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы туралы шешіміне жоғары баға берді.

"Түрлі болжамдар мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, ол мүлдем басқа жолды таңдады. Президент лауазымын өмір бойы иеленбек дегендер де болды", - дейді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Келесі күні сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде ант қабылдады.

sputniknews.kz


Тегтер: НұрсұлтанНазарбаев, Тоқаев, президент, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.