Moderna вакцинасы алғаш салынған хирургтің жағдайы қалай?
Moderna вакцинасы алғаш салынған хирургтің жағдайы қалай?

"Мен өзіме "Модерна" вакцинасының алғашқы дозасын салдырдым. Екі аптадан кейін менде коронавирусқа қарсы 80 пайыз, ал екінші дозадан кейін 95 пайыз қорғаныс болады. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін міндетті түрде вакцина салдырыңыз, тек вакцина бізге осы дағдарысты жеңуге көмектеседі", - деп жазды Әділбай Facebook желісіндегі парақшасында.Дәрігер қазір жағдайы жақсы екенін айтты. Вакцина иығына салынған екен.
"Вакцинацияға бірнеше күн бұрын жазылған болатынмын. Біздің Memorial Sloan Kettering Cancer Center ауруханасы барлық қызметкерін вакцинациялау үшін жеткілікті вакциналар сатып алды. Мен вакцинаны біздің ұйымның алғашқылардың бірі болып салдырған шығармын", - деді Дәурен Әділбай.