Бүгін 12 қаңтар – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Бүгін 12 қаңтар – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлының туғанына бүгін 109 жыл толды. Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордеңдері мен медальдерінің иегері. Ол отыз жылдан астам уақыт ел басқарды. Өткен өмірі қаншалықты күрделі де қарама-қайшылықта болғанымен Дінмұхамед Ахметұлы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттық мәдениетті дамыту ісінде Қазақстанның көп ұлтты халқының алдында зор еңбек сіңірді. Ол үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, сегіз рет Ленин орденінің және басқа да еліміз бен шет мемлекеттердің ордеңдері мен медальдарының иегері болды Ол еліміздің партия және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді, 100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрген. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қанатты сөздерін ұсынамыз: Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті. *** Жалада шындық болмайды. *** Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама. *** Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды. *** Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. *** Ақиқаттан аттап кету – арға сын. *** Орынды сын ойлантпай қоймайды. *** Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру. *** Адам айнасы – адам. *** Тәуелсіздіктің жүгі ауыр. *** Қараң қалған билік қайтып оңалмайды. *** Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады. *** Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жолы да осы.

Жүктелуде...