
Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың ақырғы қорытындысын жариялады. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше, сайлауда 7 539 280 адамға бюллетень берілген. Саяси партияларға дауыс берген сайлаушылар саны –
7 241 562. - «Nur Otan» партиясына – 5 148 074 дауыс (71,09%);
- «Ақ жол» партиясына – 792 828 дауыс (10,95%);
- «Қазақстан Халық партиясына» – 659 019 (9,10%);
- «Ауыл» партиясына – 383 023 (5,29%);
- «ADAL» партиясына 258 618 дауыс (3,57%).
Мәжілістегі депутаттық мандат: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясы – 10 мандат. Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат бар.