weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 қаңтар, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

55 жасар еркекті аязда туыстары балконға қамап қойған

55 жасар еркекті аязда туыстары балконға қамап қойған

55 жасар еркекті аязда туыстары балконға қамап қойған
ашық дереккөзі
 width= Павлодарда мас күйінде үйде жанжал шығарған ер адамды туыстары аязға қарамастан балконға қамап қойған деп жазады  Newsroom+ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 9 қаңтарда кешкі уақытта Павлодар қаласы полиция бөліміне 55 жастағы мас ер адамның үйде жанжал шығарып жатқаны туралы қоңырау түскен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адамның туыстары отағасының өзін агрессивті ұстап, бейәдеп сөздер айтып жатқанына шағымданған. Нәтижесінде отбасы ер адамды қатты аязда балконға қамауға мәжбүр болған. Полиция қызметкерлері бұзақыны медициналық айықтырғыш мекемесіне әкелген. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Осы оқиға бойынша жиналған барлық материалдар сотқа жіберілген.