Орталық сайлау комиссиясында сайлаудың қорытындысы жарияланды

Орталық сайлау комиссиясында сайлаудың қорытындысы жарияланды

ашық дереккөзі

 width= Орталық сайлау комиссиясында 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Парламент сайлауының қорытындысы: Nur Otan партиясы - 71,09 пайыз; "Ақ жол" партиясы - 10,95 пайыз; Қазақстан Халық партиясы  - 9,10 пайыз; "Ауыл" партиясы - 5,29 пайыз; ADAL партиясы - 3,57 пайыз. Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, "Ақ жолда" 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутаттық мандат бар. Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды. Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланған болатын. Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді: Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс; Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс; "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс; "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс; ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.

Жүктелуде...