Әйелі бола тұра жас қызды аңдыған ер адам жауапқа тартылды

Әйелі бола тұра жас қызды аңдыған ер адам жауапқа тартылды

ашық дереккөзі

 width= Екібастұздық полицейлер қызға көмек көрсетті. Олар бір қыздың қыр соңынан қалмай қойған отбасылы ер адамды тәртіпке салды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Қыз Екібастұз қаласының полициясына жүгініп, танысымен қарым-қатынасты реттеуге көмек сұрады. Ер адамның үйленгенін біліп, ол онымен кездесуден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ жігіт оның қыр соңынан қалмай қойған. Ол қызға сыйлықтар, гүл беріп, күннің кез келген уақытында қоңырау шалып, мазалай берген. Ер адам отбасысын тастап кеткенін айтып қызды көндірмек болған.

"Қыз ер адамның бұл қылығы дұрыс емес екенін айтып, полициядан көмек сұрады", - дейді облыстық полиция департаменті штаб бастығының орынбасары Ерболат Муратхожин.
Учаскелік инспектор 37 жастағы Екібастұздық азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізіп, қыздың басқа адаммен кездесіп жүргенін және онымен байланысты жалғастырғысы келмейтіндігін түсіндірді.

Жүктелуде...