Жаңалықтар

Алдағы күндері Жерге қауіпті астероид жақындайды

Алдағы күндері Жерге қауіпті астероид жақындайды

 width= Астрономдар алдағы екі күнде Жерден шамамен 8 миллион шақырым қашықтықта 2020 WU5 астероиды ұшып өтетінін мәлімдеді. Аспан денесі орбитасының траекториясы НАСА реактивті қозғалыс зертханасының сайтында көрсетілген, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 2020 WU5 астероиды 2020 жылы 29 қарашада NEOWISE ғарыш телескопынан алынған суреттерді зерделеу барысында табылды. Ал 4 желтоқсанда ол Халықаралық астрономиялық одағының кіші ғаламшарлар электронды нұсқаухатына енгізілді. Аспан денесі "аполлондар" тобына – жер орбитасын сыртқы жағынан кесіп өтетін жер маңы нысандарына жатады. Ғалымдардың бағалауынша, оның диаметрі 0,5-тен 1,1 шақырымға дейін барады. Астероид Жерге қаңтардың 13-нен 14-іне қараған түні барынша жақындайды деп күтілуде. Астрономиялық нысанды объектив диаметрі 200 миллиметрден асатын телескоппен тамашалауға болады. Астероид Жерден әжептәуір алыс ұшып өтсе де, ол қауіпті аспан денесіне жатқызылып отыр.