Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті

18 Маусым, 2018 928 0

Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті. Науқастың бірі колледж студенті.
«Екі адам кеше ауруханаға түсті. Науқастарға клиникалық тұрғыда қойылған диагноз - менингококк инфекциясы. 

  Лабораториялық  анализдері тексеріліп жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. 21 жастағы науқас инфекциялық ауруханада, 19  жастағы жігіт облыстық ауруханада жатыр», - деп  мәлім етті  Талдықорған қаласының өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев. Дәрігердің мәліметінше, екі науқастың бір-біріне қатысы болмаған. Қазір 19 және 21 жастағы жігіттер жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

 Дереккөз: https://www.inform.kz/kz


Тегтер: менингит, менингококк, инфекция, Талдықорған, науқас, студент, аурухана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.