Той жасаған көршіңді ұстап бер де, сыйақы ал!
Той жасаған көршіңді ұстап бер де, сыйақы ал!
Енді параны алғандармен қатар, бергендер де қатаң жазаланады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлауынша, «пара алды» деген күдікке ілінгендерге қатысты Қылмыстық кодексте бірқатар өзгерістер енгізілген. Соңғы түзетулерге сәйкес, ірі көлемде пара ұстатқан азаматтар енді 5 жылға емес, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Салынатын айыппұл мөлшері де екі есеге артқан. Бұдан былай, 100 мың пара берген адам бюджетке ең аз дегенде 2 млн теңге төлеуге міндеттеледі.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының бірінші орынбасары:
«Тұрғындар жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінуі қажет. Енді параны алғандармен қатар, бергендер де қатаң жазаланады. Сондай-ақ, бизнеске заңсыз араласқан құқық қорғау органдарына қатысты жаза күшейтілді. Енді 2 жылға емес, 5 жылға бас бостандығынан айырылатын болады».
https://www.youtube.com/watch?v=QcTtVhAbPrE