Той жасаған көршіңді ұстап бер де, сыйақы ал!

Той жасаған көршіңді ұстап бер де, сыйақы ал!

ашық дереккөзі

 width= Енді параны алғандармен қатар, бергендер де қатаң жазаланады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлауынша, «пара алды» деген күдікке ілінгендерге қатысты Қылмыстық кодексте бірқатар өзгерістер енгізілген. Соңғы түзетулерге сәйкес, ірі көлемде пара ұстатқан азаматтар енді 5 жылға емес, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Салынатын айыппұл мөлшері де екі есеге артқан. Бұдан былай, 100 мың пара берген адам бюджетке ең аз дегенде 2 млн теңге төлеуге міндеттеледі. Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының бірінші орынбасары: «Тұрғындар жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінуі қажет. Енді параны алғандармен қатар, бергендер де қатаң жазаланады. Сондай-ақ, бизнеске заңсыз араласқан құқық қорғау органдарына қатысты жаза күшейтілді. Енді 2 жылға емес, 5 жылға бас бостандығынан айырылатын болады». https://www.youtube.com/watch?v=QcTtVhAbPrE

Жүктелуде...