ДДҰ COVID-19 індетінің алғаш қайда пайда болғанын анықтады

ДДҰ COVID-19 індетінің алғаш қайда пайда болғанын анықтады

ашық дереккөзі

 width= Жарқанаттар көп шоғырланатын орындар COVID-19 індетінің алғаш пайда болған орны боп шықты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшысы Мэрион Купманс айтты. Алтыншы қаңтарда ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс Қытай билігі COVID-19 вирусының шығу тегін анықтау үшін ұйым сарапшыларына қажетті ақпаратты әлі рәсімдемегенін айтты. Дүйсенбіде ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті ДДҰ сарапшыларының делегациясы  келісіміне сәйкес Қытайға 14 Қаңтарда келетінін хабарлады. ДДҰ Қытай билігі сарапшылардың елге сапары туралы мәлімдемесін құптап, COVID-19 көзін анықтау мәселесі бойынша тығыз ынтымақтастыққа үміт білдірді. «Әрине, вирустың қайдан пайда болғандығы туралы нұсқалар бар, бәлкім, бұл жарқанаттардың резервуары», - деді Купманс CGTN-ге берген сұхбатында. Жаңа коронавирустың пайда болуын анықтау үшін сарапшылар тобы құрылды. Топ құрамына Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Австралия, Нидерланды, Ұлыбритания және Дания өкілдері кіреді. Ресейден топқа Санкт-Петербургтегі Пастер эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Владимир Дедков қатысады.

Сұлтан Әбдірасыл

Жүктелуде...