Қазақстанның сыртқы қарызы 161 миллиард доллар

Қазақстанның сыртқы қарызы 161 миллиард доллар

ашық дереккөзі

 width= Соңғы бес жылда Қазақстанның сыртқы қарызы 4,6 миллиард долларға өсіп, $161 миллиард-ға жеткен. Бұл туралы LS сайты жазды, деп хабарлайды Newsroom ақпарат агенттігі Abai.kz сайтына сілтеме жасап.  Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанның қарызы $ 159,8 млрд болған. Ал, 2015 жылдың дәл осы күнінде - $ 155,2 млрд-ды құрапты. Осылайша, бес жыл ішінде сыртқы қарыз 3% -ға немесе 4,6 млрд долларға өскен. Ал, 2020 жылдың қазан айының басында елдің сыртқы міндеттемелері 160,9 миллиард доллар болса, 2019 жылдың дәл осы күнінде - 157,6 миллиард долларды құрап 2,1% артқан. Ең көп қарыз Нидерландыға тиесілі - 44,8 миллиард доллар (2015 жылы 43,1 миллиард доллар болған). Сонымен қатар, Бермуд аралдары алдындағы қарыз 12,6 есе өсіп, 9,5 млрд долларға дейін жеткен. БАӘ-ге қарыз көлемі - 262% -ға жоғарылап, 2,1 млрд долларға дейін, Германия - 98% -ға - 1,9 млрд долларға дейін өскен. Ресей алдындағы қарыз көлемі де ұлғайған. Бүгінде солтүстіктегі көршіміздің алдындағы берешек 34,3%-ға өсіпті. Швейцарияға - 21,4% және халықаралық ұйымдар алдындағы қарыз - 15,1%-ке ұлғайған. Сондай-ақ, Ұлттық банк бес жыл ішінде Қазақстан Вирджиния аралдарындағы міндеттемелерді - 27%, Оңтүстік Корея мен Қытай - 25% және Гонконг - 19,6% азайтқанын айтты. Көрсеткішке сәйкес, компанияаралық қарыздарға - $101,4 млрд.тиесілі. Қарыздың көп бөлігін де осылар құрайды. Басқа секторлардың қарызы 41,06 миллиард доллар, Мемлекеттік басқару органдары - 12,4 млрд.доллар, банктердің сыртқы қарызы 13 пайызға артып, 5,2 млрд доллар болған.

Жүктелуде...